Өнім
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАтырауда бір отбасының 6 адамы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 18 маусымда сағат 9:10 шамасында болған. Атырау-Ақтөбе тас жолы тұсында Lada Priora және Yutong автобусы соғысқан.
"Оқиға салдарынан 1985 жылы, 2013 жылы, 2016 жылы, 2019 жылы, 2021 жылы дүниеге келген жолаушылар оқиға орнында көз жұмған. Lada Priora автокөлігінің 1982 жылғы жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасында алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болды. Қаза тапқандар - төрт баласы бар ерлі-зайыптылар, яғни бір отбасы" делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61