Bugin
15 маусымда өкілеттілігі аяқталған Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметов ұлының өзі басқарған өңірлердегі кәсібі табысты болуы кездейсоқтық екенін айтты. Бұл туралы ол журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында мәлімдеді.
Журналист экс-әкімнің ұлы Талғат Ахметовтің әкесі басқаратын өңірлерде табысты кәсіпкер атануы кездейсоқтық па деп сұрады. Әкім “әрине, кездейсоқтық” деп жауап қайтарды.
Ол ұлының Англияда жақсы білім алғанын атап өтті. Ал кіші Ахметовтың қызмет саласы – су электр станцияларын салу – “еш жерде өзен жоқ” болғандықтан, тек Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында ғана мүмкін екенін алға тартты.
Сонымен қатар оның айтуынша, ұлы “ауылдағы қарапайым шаруа сияқты ма, жем-шөп өсімдіктерін өсіріп, қарапайым өмір сүреді”.
Журналист сондай-ақ Талғат Ахметовтың Forbes тізімінде болғанын тілге тиек етті.
“Олар әдейі оны бір рет қосты, содан кейін Forbes оның жалған ақпарат екенін түсініп алып тастады”, - дейді Ахметов.
15 маусымда Даниал Ахметовтың Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретіндегі өкілеттігі аяқталды. Ол бұл қызметті 2014 жылдан бері атқарып келеді.