Bugin

Астанадағы өртке байланысты тұрғындарға сыртқа шықпауға кеңес берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астана қаласының әкімдігі тұрғындарға құрғақ шөптің өртенуіне байланысты далаға шықпауға кеңес берді.

Құрғақ шөптің өртенуі 19 маусымда Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласының айналма жолында басталған.

“Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты”, – делінген әкімдік хабарламасында. 

Ресми деректерге сәйкес қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өртті сөндіріп жатыр. Жалынмен күресу үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61