Bugin

Бұрынғы әйелін 18 жерден пышақтап өлтірген Алматы тұрғынына үкім шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда бұрынғы әйелін өлтіруге қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты.
Алматыда адвокат Айман Асанованы айуандықпен өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты.
Әйел былтыр 12 қазанға қараған түні ауруханада көз жұмды. Оқиғадан төрт күн бұрын бұрынғы күйеуі оған 18 пышақ жарақатын салған. 14 қазанда Алматы полициясы ер адамның изоляторға жеткізілгенін хабарлады.
Алғашында оған адам өлтірді деген айып тағылды, бірақ кейін айып жеңілдетілді. Ер адам аффект* күйінде кісі өлтіргені үшін сотталды. Оның мұндай күйде әрекет еткені психологиялық сараптамамен дәлелденді.
Сот үкім шығару кезінде айыпталушының басқа некеден кәмелетке толмаған екі баласы бар екенін де ескерді. Ер адам бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ оның алты айын қамауда өткізіп үлгергендіктен, олар есепке алынады.
Зардап шеккен тараптың өкілдері үкімге шағымданбақ.

Аффект - жарылыс сипатындағы эмоционалды процесс, қысқа мерзімді және жоғары қарқындылықпен сипатталады, көбінесе айқын қозғалыс көріністерімен және ішкі органдардың жұмысындағы өзгерістермен бірге жүреді.