Bugin

Саясат Нұрбек балаларын қандай мектепте оқытатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балаларының Қазақстанға оралғанын және олардың қарапайым мектепте оқитынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Олар қазір Қазақстанға келді. Елде қарапайым мектепте оқитын болады. Құжаттарды тапсырамыз, түрлі нұсқаларды қарастырамыз", - деді министр.

2022 жылдың маусым айында журналистер Саясат Нұрбектен балаларының неге Кипрде оқитынын сұраған.

"Олар Қазақстанға қайтып келеді. Мен сізге олардың осында екені туралы егжей-тегжейлі фоторепортаж беремін. Мен оларды асыға күтемін. Кипрде оқуының себептері бар. Біріншіден, бұл менің әйелім мен балаларымның денсаулығына байланысты. Нақты проблемалар бар. Екіншіден, өкінішке қарай, оларды осында, жекеменшік мектептерде қаржылық тұрғыдан оқыта алмадым", - деді Саясат Нұрбек.