Bugin

Желіде балалардың газдалған сусыннан уланып жатқаны туралы ақпарат тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

WhatsApp-та "Тархун" сусынын ішіп, уланған баланың көз жұмғаны және басқа балалардың газдалған сусындардан қатты уланып қалғаны туралы ақпарат таралды. Бұл мәліметке денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді.

Хабарламада "Тархун" және "Ситро" газдалған сусындары ғана емес, сонымен қатар "M&M’S", "Milky way" шоколадтары, "Дюшес" және "Барбарис" кәмпиттері және басқа да бірқатар тағамдар қауіпті деп танылғаны айтылған.

ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тізімдегі бірде-бір өнім қауіпті деп танылмағанын, сондай-ақ Қазақстанда газдалған сусыннан жаппай улану жағдайлары тіркелмегенін хабарлады.

хабарлама

хабарлама

"ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде таралған азық-түлік өнімдері туралы ақпарат фейк деп танылып, шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Сондықтан жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз, ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты пайдалануға шақырамыз", – деп хабарлады ведомстводан.