Bugin

Елімізде жыл басынан бері 71 адам суға батып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл басынан бері елімізде 71 адам суға батып кетті. Оның 23-і балалар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов мәлімдеді.

"Жыл басынан бері республиканың су айдындарында 71 адам суға батып кетті, оның ішінде 23 бала бар. Шомылу маусымының басынан бері 35 адам суға кетті, оның 17-сі балалар",- деді Әнуар Юсупов.

Спикердің сөзінше, Алматы қаласында 44 су айдыны бар, олардың 12-сі шомылуға қауіпті.

"Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Бүгінгі таңда 100-ден астам рейд жүргізіліп, 1600-ден астам жадынама таратылды. Рейдтерге ескерту машинасы мен ұшатын дрон тартылады. Бұл дронның бірегейлігі-ол тек жағдайды бақылап қана қоймайды, сонымен қатар тыйым салынған жерлерде шомылғысы келетіндерді ескерту үшін дауыс зорайтқышты қолдана алады",- деді ол.

Суды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша 12 адам әкімшілік жауапқа тартылды.