Bugin

Түрмеде отырған Сатыбалды Үшқоңыр жайлауындағы зәулім сарайды Назарбаевқа сыйлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түрмеде отырған қазақстандық олигарх Қайрат Сатыбалды өзінің нағашысы, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысындағы Үшқоңыр жайлауындағы зәулім сарайды сыйға тартқан.

 

“Биыл сәуірдің ортасында бұрын Сатыбалдының атында тұрған жайлаудағы осы резиденция ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың иелігіндегі "Елбасы" қорының меншігіне өткен. Азаттық радиосына "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының берген жауабына сәйкес, мүліктің меншік құқығы сыйға тарту шарты бойынша өзгерген. Бірақ оның қалай жүзеге асқаны жұмбақ”, – дейді зерттеу авторы.

Фото:azattyq.org

Фото:azattyq.org

Автор Сатыбалдыға бас бостандығынан айырумен қатар мүлкін тәркілеуге қатысты да үкім шығарылғанын атап өтеді.

“Сот үкімінде Сатыбалдыұлының бойдақ екені, бірақ кәмелет жасына толмаған 7 баласы бары жазылған. Қылмыстық-атқару кодексі бойынша, "сотталған адамның мүлкі оның отбасы тұратын жалғыз үй болса, тәркіленбейді" деген қосымша бар. Бірақ Сатыбалды отбасының басқа үйі болмағандықтан тәркілеу тізіміне кірмеді деген нұсқаға негіз жоқ. Себебі Азаттық бұған дейінгі зерттеулерде Астанада Қайраттың Исмаил деген ұлының атындағы зәулім үйді, Алматы қаласында үш баласының анасы Әсел Бақтиярқызының иелігіндегі 12,5 гектар жерде орналасқан салтанатты сарай, коттедждерді көрсеткен”, – дейді дереккөз.