Bugin
Бұрынғы Мәдениет министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкімі шықты.
Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Бағлан Ыдырысов бұл іс бойынша экс-Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де айыпталушыларға үкім шығарды.
Сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айырды.
Сондай-ақ сот Мұхамедиұлын мемлекеттік наградаларынан айыру туралы шешім шығарды. Сот шешімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы өмір бойына мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырылды.
Еске салайық, бұрынғы Мәдениет министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына Астанадағы Ұлттық музейдің директоры болған кезінде "бюджет қаражатын ысырап етті" деген айып тағылған болатын. Атап айтқанда, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және "Алтын адамның әлем музейлері арқылы шеруі" халықаралық көрмесіне, "Ұлттық мемлекеттік фотограмметриялық 3D сканерлеу" және т.б. жобаларына бөлінген аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деп айыпталды.