15 жастағы қыз іс-түссіз жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы Юрченко Александра Михайловнаны іздеп жатыр.

Полиция мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз 19 маусым сағат 15:00-де үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, әлі оралмаған.

Бойжеткен сұр түсті джинсы киіп, өзімен бірге қара түсті рюкзак алған.

Жасөспірімнің белгілері: спорттық дене бітімі, көздері жасыл, шашы ақшыл, иығынан төмен.

Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауға болады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61