Bugin

Министр: «Қасақана өрт қойған да шығар»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астана іргесіндегі қамыс өртіне қатысты түсініктеме берді.

Оның айтуынша, қамыс өртінің неден тұтанғанын арнайы құрылған комиссия анықтайды. Әзірге бір нәрсе айту ерте.

«Бұл жерде фактор көп. Бәлкім, әлдекім темекі тартқан шығар, лақтырған бөтелкенің оптикалық әсері болар, қасақана өрт қойған да шығар. Бәрі болуы мүмкін. Ешкім кепілдік бере алмайды», - дейді Шәріпханов парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Журналистер өрттің қашан толығымен сөнетінін сұрады.

«Болжаммен бір апта немесе екі аптаға созылуы мүмкін. Бәрі сыртқы факторларға, біздің бөлімшелердің жұмысына және ауа райына байланысты», - деді министр.

Айтуынша, қазір жағдай тұрақты. Қамыс өртінің өршуіне желдің күшеюі әсер еткен.