Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖасөспірімдер Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында Ақтаудан 63 шақырым жерде теңізге батып жатқан жерінен құтқарылған төрт оқушы ем алып жатыр. Олардың біреуінің жағдайы ауыр деп бағаланды. Науқас реанимацияда ем қабылдап жатыр.
"Төрт жасөспірім Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Науқастардың бірі реанимацияда. Жағдай әлі де ауыр болып тұр. Қалғандары бөлімшеде, олар ем алуда", - деп түсіндірді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Сәния Тарбахова.
Бұған дейін Каспийде суға кеткен бір жасөспірімнің қайтыс болғанын хабарлаған едік.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61