Bugin
Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
19 маусым сағат 15:00-де кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмаған. Александро Юрченко сұр түсті джинсы киген, иығында қара рюкзагы бар.
Жасөспірімнің белгілері: спорттық дене бітімді, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығынан төмен.
Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауыңызды өтінеміз.