Bugin

Эстония Балтық елдерінің арасында алғашқы болып бір жынысты некені заңдастырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Эстония Балтық елдері және посткеңестік елдер арасында алғаш болып бір жынысты некені заңдастырды. Жаңа заңнама 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Шешім бірауыздан қабылданбады: біржынысты некені Рийгикогу (Эстония парламенті) 55 депутаты қолдаса, 34-і қарсы дауыс берді. Қарсы шыққандардың басым бөлігі оң партия өкілдері, олар жаңа заңнама дәстүрлі отбасы құндылығына нұқсан келтіретінін айтты. Бір депутат дауыс беруден қалыс қалса, 11 адам қатысқан жоқ.

«Мен елімді мақтан тұтамын, біз әр адамның құқығы құрметтелетін және адамдар еркін жақсы көре алатын қоғам құрып жатырмыз», - деп мәлімдеді Эстония премьер-министрі Кая Каллас.

Жаңа заңнама билікке либералдық коалициялық үкімет келгеннен кейін екі ай өткен соң қабылданды. Каллас бір жынысты некеге рұқсат беру қажеттілігі туралы келіссөздерді наурызда бастаған еді.

Осы жылы Адам құқығы жөніндегі орталық жүргізген сауалнамаға сәйкес, түрлі жынысты және бір жынысты некенің теңдігін қолдап 1,3 млн тұрғынның 53%-ы дауыс берді. 2012 жылы бір жынысты некені тек 34% қолдаған болатын.