Bugin

"Қазақстан Барысын" өткізуге миллиард жұмсалған: ҚМА тексеруді бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Қазақстан Барысы" турнирінің бюджетін Қаржы мониторингі агенттігі тексеріп жатыр.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті соталды тергеу аясында "Қазақстан барысы" қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 миллиард теңге бюджет қаражатының қалай жұмсалғанын тексеріп жатыр.

"Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды", - делінен хабарламада.

Айта кетейік, "Қазақстан Барысы" елімізде 2011 жылдан бері өткізіліп келеді.