Bugin

«Тоқаев пен Путиннің әңгімесін естіп қалған»: Нобель лауреаты не дейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Валдай форумында пікір алмасты. Белгілі журналист, «Новая газета» редакторы, Нобель сыйлығының иегері Дмитрий Муратов осы қысқа әңгіменің кездейсоқ куәгері болған.

Муратов бұл жағдай туралы Германияның Бонн қаласында өткен Global Media Forum 2023 форумында айтты. 

Globalnews-тің Муратовтың Ресей мен Украина арасындағы геосаяси текетірестегі Қазақстанның рөлін қалай көретіні туралы сұрағына, журналист былай деп жауап берді:

«Мен Тоқаев пен Путиннің Валдай форумында болған бірегей әңгімесінің куәсі болдым. Президент Тоқаев Қазақстан ядролық қару ұстағысы келмейтінін айтты, өйткені оның басқа тартымдылығы бар: логистика және мәдени орталық, сауда үшін пайдалануға болатын кеңістік, бір жағы Еуропа, ал екінші жағы Азиядағы кеңістік. Ядролық қару - табысқа жетудің шарты емес. Бұған Тоқаевтың қасында отырған Путин жеке өзіне: "Саддам Хуссейн бұны мақұлдамас еді», - деп басылым Муратовтың сөзін келтірген.

Муратовтың айтуынша, Путин мемлекеттің ядролық қарудан бас тартуға дайын екеніне таңғалған.

«Президент Путин Саддам Хуссейннің өлімін ешкімге кешірмейді, Саддам Хуссейн сияқты өлгісі келмейді, ядролық державада билікке ие болу артықшылығынан бас тартпайды. Ал бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы қазірдің өзінде көрініп тұрған үлкен, ең күрделі қайшылық. Бір ел өзінің нығаюы, милитаризация жолымен жүріп, ядролық қаруды әлемді қосполярлықтан көпполярлыға айналдыру құралы ретінде көрсе, екінші ел әртүрлі салада қалыпты сауда серіктес болғысы келеді. Бұл екі түрлі жол, біз қазір посткеңестік кеңістікте мұны көріп отырмыз. Мен Тоқаев пен Путинді антагонист деп айта алмаймын. Жоқ. Олар ынтымақтасуға мәжбүр, өйткені Қазақстан әрқашан Ресеймен, Ресей әрқашан Қазақстанмен шектеседі. Бірақ олардың мемлекеттік көзқарастары басқаша. Кімдікі дұрыс? Мен білмеймін. Тоқаев биліктегі мерзімін шектеді, бірақ Путин мұны істемеді. Ұзақ тарихи кезеңде кімдікі дұрыс шығатынын сіздермен бірге көрерміз. Егер тірі болсақ», - деді Дмитрий Муратов.