Bugin
Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
21 маусымда сағат 8:15 шамасында Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент автожолының 631 шақырымында жол апаты болды.
"Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, автокөлікті аударып алған. Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала оқиға орнында қайтыс болды. 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды" делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.
Бұған дейін Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам көз жұмған еді.