Bugin

Депутат: игерілмеген білім гранттарын көпбалалы отбасы балаларына бөліп беру керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Игерілмеген білім гранттарын халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасы балаларына бөліп беру керек. Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған сауалында осылай деді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап..

Оның сөзінше, биылғы оқу жылында жоғары оқу орындарына 73 мың грант бөлінген. Алайда оның 15 мыңы игерілмей қалыпты. Депутат бұл мүмкіндікті бос жібермей,  көпбалалы, ерекше бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасындағы жастарды оқытуға жұмсау керек дейді. 

"Бұл гранттарды ҰБТ төмен балл алып қалған, бірақ оқуға ынтасы бар осал топтары арасында бөліп беру неге қарастырылмаған? Көпбалалы отбасыдан, ең болмағанда, бір бала ЖОО түсіп, жақсы білім алып, болашақта жақсы жалақы алатын жұмысқа орналасып жатса, артынан ерген бауырларына көмектесіп, аяқтарына нық тұрар еді", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гаухар Танашева.