Bugin
Қазақстанның барлық аумағы әлі де атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Соған байланысты 22 маусым күні найзағай, жаңбыр сақталады, батыста, солтүстікте, шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Елдің басым бөлігінде екпінді жел сақталады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында, Қызылорда облысының батысы мен шығысында, Атырау облысының солтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысы мен орталығында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында өрт тұтанудың төтенше қаупі сақталады.
Жетісу, Алматы облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының орталығы мен оңтүстік-шығысында өрт тұтанудың жоғары қаупі туралы ескертіледі.