Bugin

Қазақстан, Ресей, Қырғызстан бір-біріне азаматтарының жеке дерегін беретін болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей азаматтарының соттылығы, үй-күйі туралы ақпаратты бір-біріне береді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, тиісті заңға қол қойғаннан кейін осындай мүмкіндікке жол ашылды. 3 ел арасындағы бұл келісім аясында, азаматтық, тіркелген жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, соттылықтың болу-болмауы сияқты ақпараттар алмасу көзделіп отыр. 

Құжат тараптардың бәрі қол қойған соң, 30 күннен кейін күшіне енуі тиіс. Бұл құжатты Қазақстан мен Ресей тарапы ертерек заңдастырып қойған. Тек Қырғызстан билігі ішкі заңнамаларын реттеймін деп жүріп, ең соңынан қол қойды.