Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӨскемен қаласындағы дүкендердің бірінен өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 22 маусымда таңғы сағат 04.40-та Сәтбаев даңғылындағы азық-түлік дүкенінде өрт болды.
"Дүкен он қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан. Сауда жабдықтары мен азық-түлік өнімдері жанған. Оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. 25 шаршы метр алаңға жайылған тілсіз жау сағат 05.40-те сөндірілді", - делінген ақпаратта.
Өрттен зардап шеккен ешкім жоқ. Алдын ала дерек бойынша өрттің шығу себебі – электр жабдығының апаттық жұмыс режимі немесе электр жабдығын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61