Bugin

Шымкент әкімдігі басқармасының басшысы қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы ұсталды. Ақпаратты Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-парақшасында растады.

"Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.