Bugin
Маусым айының басында басталған украиндық шабуылдың нәтижелерін бақылаушылар өте сақтықпен бағалайды, бірақ президент Владимир Зеленский оның қарқыны кем дегенде осы кезеңде жылдам болмауы керек деп санайды.
Владимир Зеленский ВВС-ге берген сұхбатында Украина әскерлерінің елдің оңтүстік-шығысында жүргізіп жатқан шабуыл операциясына біржақты баға беруден бас тартты.
Шабуылдың баяу жүруінің басты себебі ретінде Зеленский Ресейдің Украина аумағының шамамен екі жүз мың шаршы шақырымын миналағанын айтты.
"Біз шегінбейміз, алға жылжып келеміз. Мен кеңірек қадамдар жасағым келеді... Кім күрессе, сол жеңеді. Кім есікті қақса, оған есік ашылады. Сондықтан, кез келген жағдайда біз қарсы шабуылдардың сәтті болатынына сенімдіміз", - деді Украина президенті.
АҚШ президенті Джо Байденнің Владимир Путин қазіргі қақтығыс кезінде ядролық қаруды қолдануға қабілетті деген сөзіне түсініктеме бере отырып, Владимир Зеленский мұндай қауіпті көбірек "саяси, медиа, ақпараттық" деп бағалады.
"Мен оның өз өмірі үшін қорқатынына сенемін... Ол қазіргі уақытта мұны істеуге дайын емес деп ойлаймын, өйткені ол өз өмірі туралы ойлайды ... Ол оны(өмірін. -ред.) өте жақсы көреді. Әйтеуір мен солай ойлаймын", - деді Зеленский.
"Бірақ мен 21-ші ғасырда көршісіне қарсы кең ауқымды соғыс ашқан адекватты емес адамға ешбір жағдайда кепіл болғым келмейді", - деп қосты ол.