Bugin

"Көлікке күштеп салып, зорлаған": Жамбыл облысында ер адам 20 жастағы қызға күш көрсеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысында ер адам қызды көлікке күштеп салып, зорлап кеткен.

Бұл оқиға жайлы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі мәлімдеді.  Оның айтуынша, Қордай ауданында сағат 20:00 шамасында Газель көлігінің жүргізушісі 20 жастағы қызды ұрлап, үйінен алыс жерге апарып, зорлаған. Содан соң қызды жолда тастап кетіпті. 

Жәбірленуші ер адамның оған тиісіп, танысқысы келген сәтін бейнежазбаға түсіріп үлгерген. Қыз сөйлесуден бас тартқанына қарамай, артынша ер адам оған зорлық жасайды.

Қыздың айтуынша, қаскөй оны қорлап, бетіне ақша лақтырып, оны “жеңілжүрісті әйел” деп атаған.

Дина Таңсәрі бұл қыздың тағдырына алаңдаулы. Өйткені оның қорғаны жоқ, сол себепті ауылда оған тиісетіндер көп.

“Әкесі қыз сегіз жаста болған кезде ерте қайтыс болған. 12 жасында анасының әпкесінің күйеуі оны және өз қызын бір жылға жуық зорлап келген әрі бұл әрекеті үшін жазаланбаған. 16 жасында анасы оны еркінен тыс ересек адамға күйеуге берген. Ер адам оны бір апта бойы зорлап, соққыға жыққан. Қыз шыдамай, үйге қайтып келгенінде, оны қабылдамай, қолдамаған. Мектептегі мұғалімдер бұл жағдайдан хабардар болса да, ештеңе істемеді. 19 жасында немере ағасы зорлаған. Осыдан кейін ол өзін-өзі өлтірмек болды, бізге хабарласты. Бірнеше мәрте оңалту шараларынан өтіп, өмір дұрыстала бастаған еді. Міне, тағы да зорлық-зомбылыққа ұшырады, анасы масқара боласың деп, полицияға баруға тыйым салыпты. Қыздың ешкімі жоқ”, – деп жазды қоғам белсендісі.

Айтуынша, ауылдағылар қыздың шарасыз және қорғансыз екенін пайдаланып, құйтырқы әрекетке барғысы келеді.

20 жастағы жәбірленуші қазір ауруханада, ауыр жарақат алған. 

Жамбыл облыстық ПД оқиғаға түсініктеме берді.

“Осы факті бойынша ҚК 120-бабы 1-бөлігі “Зорлау” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу шаралары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді ПД.