Bugin
Украинадағы жағдай туралы соңғы жаңалықтар Bugin.kz сайтында.
Ресей ЗАЭС-да лаңкестік әрекетке дайындалуда - Зеленский
«Барлау қызметтеріне Ресейдің Запорожье атом электр станциясына шабуыл жасайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Олар бұл үшін бәрін дайындап қойды», - деді Украина президенті Владимир Зеленский жаңа видео үндеуінде.
Кремль Зеленскийдің ЗАЭС туралы сөзіне реакция білдірді.
«Бұл кезекті өтірік. Білесіз бе, дәл сол жерде МАГАТЭ-мен байланыс болды. МАГАТЭ тарапынан өте жоғары баға алдық», - деді Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Песковтың айтуынша, жақын арада Ресейде МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси мен Росатомның бас директоры Алексей Лихачев кездесу жоспарланған.
«МАГАТЭ-мен диалогымыз бен ынтымақтастығымыз жалғасуда, біз бұл байланыстарды жалғастыруға мүдделіміз. МАГАТЭ де мүдделі. Қалғанының бәрі өтірік», - деп қайталады Кремль өкілі.
НАТО Украинаны жауынгерлік қабілетін нығайтуға шақырды
Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға Ресей агрессиясына тойтарыс беруге қолдау көрсететінін мәлімдеді. Маусымның 22-сі күні Германия Бундестагындағы үкімет мәлімдемесінде ол «Германия Украинаны қанша уақыт қажет болса, сонша қолдайды. Біз Украинаның жағындамыз» - деді.
Киевте үйінділердің астынан жарылыс салдарынан қаза тапқан үшінші адамның мәйіті табылды
Киевте көпқабатты үйдегі жарылыстан қаза тапқандар саны артты: қаза тапқан үшінші адамның мәйіті табылды. Бұл туралы елорда мэрі Виталий Кличко мәлімдеді.
Еуроодақ Украинаға тағы 1,5 миллиард еуро көмек бөледі
Еуроодақ Украинаға тағы 1,5 миллиард еуро бөлді. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен мәлімдеді.
«Біз Украинаның бостандық үшін батыл күресінде қызметтері мен инфрақұрылымын сақтап қалуға көмектесеміз», - деп жазды Еуропалық комиссия басшысы Twitter-де.