Bugin
АҚШ жағалау күзеті «Титаник» апаты орын алған аймақтан табылған қалдықтарды бортында бес адам болған «Титан» сүңгуір қайығына тиесілі екенін растады, деп хабарлайды Bugin.kz Sky News арнасына сілтеме жасап.
Жоғалған сүңгуір қайыққа иелік еткен OceanGate компаниясы экипаж жоғалғанын мәлімдеді. АҚШ жағалау күзеті де жоғалған сүңгуір қайық экипажының өлімі туралы нұсқаны қолдады.
Олардың мәліметінше, суасты көлігінің сынықтары ішке бағытталған жарылыс болғанын көрсетеді. Кейінірек жағалау күзеті суасты қайығында жарылыс болғанын растады.
«Бұл адамдар нағыз зерттеушілер болды. Біздің жүрегіміз осы бес жанмен бірге. Олардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Бүкіл OceanGate отбасы кең ауқымды ресурстарды қамтамасыз еткен және осы миссияда көп еңбек еткен халықаралық қауымдастықтағы барлық қызметкерлерге шексіз алғысын білдіреді», - деді OceanGate мәлімдемесінде.
Видеоны сілтемені басу арқылы көре аласыз!