Bugin

Атырау облысында монтер жұмыс кезінде қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысында 61 жастағы монтер мерт болды. Оны жұмыс барысында тоқ соққан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 21 маусым Атырау облысындағы Мақат кентінде орын алған.

"Атырау-Жарық" АҚ-ның баспасөз қызметінен мәліметінше, Мақат кентіндегі Алаш көшесінде орналасқан КТПГ-04/6кВ жабдығын профилактикалық сынау-тексеру жүргізілген.

"Сол кезде электр монтерді РУ-6 кВ жоғары кернеулі желісінен ток соққан. Монтердің электр қауіпсіздігі бойынша IV разрядты рұқсат құжаты болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Алайда монтер оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Аталған дерекке орай сотқа дейінгі тергеу басталды.

Іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бабы бойынша қозғалды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61