Bugin

Бүгін - мемлекеттік қызметшілер күні

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 23 маусым, елде мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

2003 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялаған қарар қабылдаған еді. Қазақстан бұл мерекені 10 жылдан кейін бекітті – 2013 жылы 23 маусым Қазақстанда да Мемлекеттік қызметшілер күні атанды. Ал 2014 жылдан бастап бұл күн кәсіби мереке ретінде тойлана бастады.

Айта кетейік, биыл наурыз айында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған.

Бұл құжат мемлекеттік саяси қызметшілердің жауапкершілігін күшейту және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға қатысты нормаларды қамтыған. Сондай-ақ заңда мемлекеттік органдарға келісімшарттық қызметшілерді жұмылдыруға және ротациялау тетігін жетілдіруге қатысты ережелер де бар.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, мемлекеттік қызметшілер саны 90 мыңнан асады. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,4 пайызға жетті.