Bugin

Қазақстанда ең аз жалақы алатындар кімдер?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы жалақы Қазақстан бойынша ең төмен болып отыр. I тоқсанда айына орта есеппен 179,4 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

finprom.kz мәліметінше, бұдан бөлек балық шаруашылығы және аквамәдениет, сондай-ақ орман шаруашылығы және ағаш кесу секторы қызметкерлерінің республика бойынша орташа айлық жалақысы да ең төмен: сәйкесінше 120,6 мың және 143,8 мың теңге.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы, аң аулау және қызмет көрсету саласындағы ахуал салыстырмалы түрде жақсырақ: айына орта есеппен 180,9 мың теңге. 

Өз кезегінде АӨК саласындағы жалақының сатып алу қабілеті бір жылда 3,8%-ға артқан. 

АӨК саласындағы жалдамалы қызметкерлер санының қысқаруы жалғасып жатыр. Мысалы, биылғы І тоқсанында жұмыскерлердің тізімдік саны 65,8 мың адам болды. Бұл 2022 жылдың І тоқсанына қарағанда 1,9%-ға аз. Нақты саны – 58 мың адам.

Осы жылдың 5 айында АӨК саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 269,9 млрд теңгеге жетті (+34,6%).

Сектордағы инвестициялар көлемінің 98%-дан астамы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы, аң аулау және осы салаларда қызмет көрсетуге тиесілі: 264,9 млрд теңге.

Балық шаруашылығы және аквамәдениет саласындағы күрделі инвестициялар 4,9 млрд теңгені құрады.