Bugin

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 22 маусымда Ақсай-Шонжы-Қалжат тасжолында болған. 32 жастағы әйел тізгіндеген Lexus көлігі аударылып, жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған.

"Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір 25 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен Шонжы ауылындағы ауруханаға жатқызылды", - деді Алматы облысының полиция өкілдері.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Ұйғыр ауданы полиция бөлімінде тіркелген.

"Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын объектив зерттеуге бағытталған сараптама тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп қосты облыстық полиция департаментіндегілер.