Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметші күніне және полиция күніне орай құттықтау жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.
«Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін», – деп жазды Президент.