Bugin

Көкшетауда ауруханадан шамамен 42 млн теңге қаржы жымқырған бухгалтер ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көкшетауда ауруханадан 42 млн теңге ақшаны ұрлап әкеткен бухгалтер 1,5 жылдан кейін ұсталды.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың шілдесі аралығында Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде бухгалтер-кассир болып жұмыс істеген. Ол біреудің электрондық-цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдалану арқылы шотынан шамамен 42 млн теңге сомасында ақшаны шешіп алып, кейін қашып кеткен.

"2021 жылдың шілдесінде Көкшетау қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі 3-бөлімшесі (аса ірі мөлшерде ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Іздестіру шаралары барысында күдікті биылғы жылдың 24 сәуірінде Павлодар қаласында ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Күдікті қылмысын толық мойындады және маусымның 15-де Көкшетау қаласының прокуратурасы айыптау актісі бойынша қылмыстық іс материалдарын соттың қарауына жіберді", - деді ведомстводан.

Прокуратураның баспасөз қызметінен атап өткендей, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің аталмыш бабы бойынша күдіктінің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.