Bugin

"Титан" сүңгуір қайығын шығарушы компания басшысының әйелі – "Титаникте" болған жұптың ұрпағы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атлант мұхитында жарылған "Титан" батискафы тиесілі OceanGate компаниясының бас директоры Стоктон Раштың әйелі "Титаникте" қаза тапқан бірінші класты жолаушыларының тікелей ұрпағы.

Раш – 18 маусымда өз компаниясына тиесілі "Титан" сүңгуір кемесімен "Титаник" қалдықтарын көруге аттанған бес жолаушының бірі. Оның әйелі Венди Раш – Исадор мен Ида Штраустың шөбересі, олар 1912 жылы Атлант мұхиты арқылы саяхаттау кезінде айсбергке соғылып, суға батып кеткен алып кеме "Титаниктегі"1500-ден астам адамның арасында болған. Кеме суға батып бара жатқанда ерлі-зайыпты Штраустар кемеде қалуға шешім қабылдайы.

"Экипаж әйелдер мен балаларды құтқармақ болған кезде Ида Штраус құтқару қайығына отырудан бас тартқан", - дейді олардың шөбересі Пол Курцман Fox News-ке берген сұхбатында.

Джеймс Кэмеронның 1997 жылғы "Титаник" фильмінде олардың махаббат оқиғалары(төсекте қолұстасып жатқан қарт ерлі-зайыпты) көрініс табады.

Венди мен Стоктон Раш 1986 жылы үйленген. LinkedIn платформасындағы парақшасында көрсетілген ақпаратқа қарағанда Венди OceanGate компаниясында байланыс директоры болып жұмыс істейді. Ол бұған дейін OceanGate қорының президенті қызметін атқарған.

61 жастағы Стоктон Раш өзге 4 адаммен бірге мінген "Титан" батискафының экипажы жексенбі күні Атлант мұхитының түбіне сегіз сағаттық сүңгуге аттанған болатын.

Шамамен 1 сағат 45 минуттық сапардан кейін сүңгуір қайық канадалық "Полярный принц" зерттеу кемесімен байланысын үзді. Кейіннен кеменің жарылғаны белгілі болған еді.