Bugin

Алматыда ер адам көшеде қызды соққыға жыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

23 маусымда Алматыда ер адам қызды ұрып-соққан. Салдарынан қыздың денесі жансызданып қалған.

Оқиға бейнежазбаға түсіріліп, желілерге таралған. Қалалық полиция департаменті ер адамның ұсталғанын мәлімдеді.

"Бүгін Төле би, 160 көшесінде ер адам 25 жастағы қызды ұрып-соғып, денесін жансыздандырып тастады", – делінген желіде тараған видео сипаттамасында.

Полиция департаменті оқиғаға түсініктеме берді.

"1985 жылғы күдікті ұсталып, одан әрі талқылау жүргізу үшін Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөліміне жеткізілді. Оның іс-әрекеттеріне ҚР заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі. Қыздың дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін өндіріс шеңберінде сот-медициналық сараптама тағайындалады", – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61