Спорт

Сульшер бапкерлік келісімшартын ұзартты

Ең мықты бапкерлердің бірі – Сульшер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жозе Моуринью кеткелі ресми бапкерсіз қалған "Манчестер Юнайтед" өзінің жол бастар адамын тапқан секілді. 

Уақытша жаттықтырушы ретінде бекітілген Уле Гуннар Сульшер енді маусым соңында кетпейтін болды. Ол жайында клубтың ресми сайты Сульшермен 3 жылға келісімшарттарын ұзартқанын мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетсек, Сульшерге дейін "МЮ" Ағылшын премьер-лигасында төрттіктен алыстап, чемпиондар лигасында "ПСЖ" клубынан тас-талқан болып жеңілуі керек еді. Алайда жаңа бапкер бұл мәселелерді оңай шешіп, 19 кездесудің 14-ін жеңіп, 2 рет тең ойнап, тек 3 рет қана жеңілген. Осылайша ол кәрі құрлықта танымал бапкерлердің біріне айналып кетті.