Bugin

Шымкентте жоғалып кеткен 4 жасар баланың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте жоғалған 4 жасар бала табылды. Бұл туралы polisia.kz мәлімдеді.

Бүгін таңертең сағат 9.20 шамасында 102 телефон номеріне жергілікті азамат хабарласып, Қаратөбе тас жолында іздеу жарияланған хабарламадағы ұлдарға ұқсайтын екі  баланы кездестіргенін айтты. Балалар аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Балдырған ата-анасына аман-есен тапсырылды.

Ал екінші бала Түркістан облысының Мақтаарал ауданында хабар-ошарсыз кеткендер қатарында екені анықталды, делінген хабарламада.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61