Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқмола облысында жоғалған полиция қызметкерінің денесі Көкшетаудан табылды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған адамның денесі бүгін сағат 9:15-те Қылшақты өзені аумағында жүргізілген іздестіру шаралары барысында тереңдігі 2 метр болатын қазаншұңқырдан табылды.
"Ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы өзінің әріптесі, полиция подполковнигі Тұрар Тұрарұлы Дүйсембиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Т.Т. Дүйсембиннің хабар-ошарсыз кеткендігі туралы 23 маусымда Көкшетау полиция басқармасына өтініш түскен. Әйелінің сөзінше, Тұрар Дүйсембин 20 маусымда үйден шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. Сондай-ақ ол соңғы күндері бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында болғаны айтылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61