Bugin
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылатынын хабаралады.
"Вагнер" жеке әскери компаниясы далалық лагерьлерге, ал Пригожиннің өзі Беларуссияға кететіні туралы келісімге қол қойылды.
Оның айтуынша, билік көтеріліске қатысқандарды қудаламайды.Лукашенко арада делдал болуға келіскен.
"Александр Григорьевич Пригожинмен бұрыннан таныс, бұл оның жеке ұсынысы болды. Біз бұл күш-жігері үшін президентке ризамыз", деді Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Бұған дейін Путиннің Пригожинді тоқтатуға жариялаған виодоүндеуі жайлы айтқан болатынбыз.
Сонымен қатар Вагнердің Лукашенкомен келісімге келмей тұрып, қайтарған жауабы мен Ресейдегі алғашқы антитеррорлық операция режимі енгізілгенін хабарлап едік.