Bugin

Елімізде тұңғыш рет республикалық мобилография фестивалі өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда «MOB FEST» бірінші республикалық мобилография фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» талантарды қолдау қоры ұйымдастырған фестивальге 16 мен 40 жас аралығындағы 7 524 қазақстандық мобилограф қатысып, 100 жұмыстың авторы II кезеңге жолдама алды. Ақтық кезеңде үздік деп танылған 20 жас мобилограф Нью-Йорк кино өнері академиясына тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

Фестиваль ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры. ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев пен Лос-Анджелестегі Нью-Йорк кино академиясы кампусының деканы Дэн Маклер қол қойған Меморандум мүмкіндік беріп отыр.

 Фестиваль жеңімпаздарының бірі Мырзабек Қуатбай Әл-Фараби атын ҚазҰУ-дың студенті, “Bugin Holding” IT-компаниясының қызметкері . Бүгінде мобилография саласымен тұрақты түрде айналысып жүрген ол фестиваль көп мүмкіндіктер бергенін айтады.

“Фестиваль жоғары деңгейде өтті. 1-кезеңде 32-орын алып, келесі кезеңге өттім. Екінші кезеңде Help бағытында түсірдік. Түсірілімге 2 күн, монтажына 1 күн кетті. Екі кезеңде де көп шығын болған жоқ. Өзімізде бар ресурспен түсірдік. Актер ретінде компаниядағы әріптестерім қолдау көрсетіп, рөлдерді өз деңгейінде сомдап берді”, - дейді Мырзабек Қуатбай.

Мырзабек Қуатбай

Мырзабек Қуатбай

New York Film Academy іргесіндегі тағылымдама барысында «MOB FEST» жеңімпаздары режиссура, бейнемонтаж, сценарий жазу бағдарламалары бойынша оқу курсынан өтеді. Мырзабек елге келген соң креативті индустрияның дамуына үлес қосқысы келеді.

“Мобилография соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта бұл саланың өзі жаңа болғанымен, күннен-күнге жаңару үстінде. Мәселен жасанды интеллект пайда болуымен-ақ үлкен өзгерістер жүзеге асуда. Сондықтан жан-жақты болуға ұмтылған жөн.  

"Елге келген соң креативті, коммерциялық бейнероликтер әзірлеуге ден қойғым келеді. Ары қарай қысқаметражды фильмдер түсіру де ойда бар. Осылайша еліміздегі креативті индустрияның дамуына өз үлесімізді қосатын боламыз”, - дейді жас жеңімпаз.

Айта кету керек, II кезеңге жолдама алған қатысушылардың барлығына сыйлықпен қамтамасыз етілген. Үздік 20 туынды иелері ғана Америкаға баруға мүмкіндік алғанымен, қалған 40 жүлделі орынға 100 000 теңге сыйақы мен басқаларына қолжетімді болатын мобилография курсы қарастырылған.