Bugin

Денесі 100% күйген: ШҚО-да газ стансасындағы жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысында газ құю стансасындағы жарылыстан ауруханаға түскен екі адам көз жұмды.

22 маусымда Шемонаиха қаласында газ құю стансасында болған жарылыстан төрт адамды күйік шалған..

Бірінші екі ер адам, содан кейін тағы бір азамат пен әйел ауруханаға жеткізілді.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, денесін 100 пайыз дерлік күйік шалған екі адам көз жұмды.

"Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат бойы күресті. Өкінішке қарай, екеуін аман алып қалу мүмкін болмады", - делінген ақпаратта.

Ал ер адам мен әйелдің жағдайы жақсарып келеді.

"Қазір олардың жағдайы тұрақты. Пациенттерге бүкіл қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - делінген хабарламада.