Bugin
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдегі Пригожин көтерілісі туралы айтты, деп хабарлайды Milliyet басылымы.
Президент кеңсесінің хабарлауынша, кездесуде Ресейдегі соңғы оқиғалар талқыланды.
Түркия басшысының айтуынша, «Вагнер» тобының басшысы Евгений Пригожиннің көтерілісі «Украинадағы гуманитарлық апатқа» әкелуі мүмкін.
«Ресейдегі жағдайдың деэскалациялануы Украина алаңында қайтымсыз гуманитарлық апаттың алдын алды», - делінген Хабертүрк мәлімдемесінде.
Хабарламада «Украинадағы гуманитарлық апат» нені білдіретіні және Вагнер көтерілісі бұған қалай әкелетіні түсіндірілмеген. Столтенберг Ресейдегі оқиғалардың Украинадағы әділетті бейбітшілік жолындағы жаңа белеске айналуын тіледі.
Швецияның НАТО-ға мүшелігі де талқыланған жиында Түркияның Швецияның мүшелігіне қатысты сындарлы көзқарасының сақталып отырғаны айтылды.