Bugin

Гид туристерді аюдың шабуылынан құтқарып қалды (ВИДЕО) 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аляскадағы бір топ туристер үшін қызықты саяхат апатпен аяқтала жаздады. Гидтің батылдығы мен кәсібилігінің арқасында туристер аман қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Outdoorlife сайтына сілтеме жасап. 

Scenic Bear Viewing туристік компаниясы Алясканың оңтүстік-батысындағы Катмай мен Кларк көлінің ұлттық парктеріне саяхат ұйымдастырды. 

Ұйымдастырушылар 30 жыл ішінде туристерге жануарлардың шабуылы тіркелмегенін айтты. 

Бейнежазбадан су айналасында екі үлкен аюдың өзімен өзі жүргенін көруге болады. Жануарлар фотоаңшылар тобына ешқандай қызығушылық танытпаған сияқты болды, бірақ бір сәтте жыртқыштардың бірі кенеттен адамдарға қарай жоғары жылдамдықпен жүгіреді. Егер гид аюдың өзіне шабуыл жасамағанда не боларын айтып жеткізу қиын. 

«Табиғатқа серуенге шыққанда аюларға жақындамаңыз. Міндетті түрде өзіңізбен бірге тәжірибелі гид алыңыз! Біз 50 ярдтан (шамамен 45 метр) жақындамаймыз. Бұл аюлар бізге өздері келді. Ешқашан шабуылдаушы аюдан қашпаңыз. Сіздің инстинктивтік қалауыңызға қарамастан, аюлардың табиғатынан кері шабуыл жасау инстинкті бар», - деп түсіндірді саяхатты ұйымдастырушылар.