Bugin
Сыртқы істер министрлігі Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді.
Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгінгі жағдайға түсініктеме берді. Ол Лукашенко мен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында талқылайтын ортақ тақырыптары көп екенін айтты.
“Беларусь президенті біздің бұрынғы президентіміздің баяғыдан келе жатқан серіктесі, оларда талқылайтын тақырыптар көп. Бірақ өздеріңіз білетіндей, еліміздің сыртқы саясаты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Республикасының іс басындағы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзырына кіреді. Сондықтан Қазақстан мен Беларусь арасындағы қатынастарды тек іс басындағы мемлекет басшылары арасында талқылауға болатындығына негізделеміз”, - деді Смадияров брифингте.
Сонымен қатар, ресми өкіл олардың не туралы сөйлескені және нені ақылдасып, талқылағаны өздерінің жеке әңгімесі екенін айтты.