Bugin

Астанада өтетін бокстан Азия чемпионаты кейінге шегерілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Астана қаласында өтуі жоспарланған бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы Азия чемпионаты кейінге қалдырылды.

Бұл жөнінде Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметі мәлім етті. Құрлықтық доданы кейінгі шегеру себебі белгісіз.

Азия чемпионаты 14 және 30 шілде аралығында елордада өтуі тиіс болатын. Онда жастар арасында 2005-2006 жылғылар сайысқа түссе, жасөспірімдер арасында 2007-2008 жылғылар жүлдені сарапқа салады.