Bugin
1 шілдеден бастап Қазақстанда Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. 27 маусымда үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова аталған құжаттың негізгі жаңалықтары туралы айтты.
Министрдің айтуынша, Әлеуметтік кодекс жобасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың зейнетақы активтерін басқару құқығын кеңейтуге қатысты өзгерістер енгізілуде.
"Енді азаматтар белгіленген шекті мөлшерден асатын зейнетақы жинақтарын емделуге және тұрғын үй сатып алуға ғана жұмсай алады. Салымшыларға зейнетақы жинақтарының 50 пайызынан аспайтынын активтерді басқарушы компанияларға аудару құқығы беріледі", - деді Тамара Дүйсенова үкімет отырысында.
Еске салайық, биыл сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік кодекске қол қойған болатын.
Ол қазақстандықтарды әлеуметтік қолдаудың жеті негізгі бағытын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын және зейнетақымен қамсыздандыруды көрсетеді:
- балалары бар адамдарды (отбаларын) әлеуметтік қолдау;
- халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары;
- кедейлік шегінен төмен тұратын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер;
- мүгедектерді әлеуметтік қорғау;
- зейнетақымен қамтамасыз ету;
- азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде асыраушысынан айырылғандарды әлеуметтік қолдау.