Bugin
35 жастағы ауыратлеттің денесі Қаратал ауданы Достық ауылында тұратын жерінен табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері болған жоқ. Туыстарының айғақтарына сәйкес, ер адам өз-өзіне қол жұмсады. Қазір суицид дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
"Мәйітте зорлық іздері жоқ. Туыстарының жауабына сәйкес ер адам өзіне қол салған. Қазір суицид дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс аудандық полиция басшысының бақылауына алынды", – делінген хабарламада.
Седовтың өлімін ауыр атлетика федерациясы да растады.
"Алдыңғы түні тәжірибелі спортшы, ауыр атлет Владимир Седов көз жұмды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Олимпиаданың қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордшысы Владимир Седов бала кезінен спортқа берілген. Үздік жетістіктері үшін "Құрмет"орденімен марапатталған. Владимир Седов 35 жаста еді. ҚР Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Владимирдің отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтады", – деп мәлімдеді федерация өкілдері.
Владимир Седов – Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері. “Құрмет” орденімен марапатталған. Алайда 2016 жылы допинг пайдаланды деп айыпталып, 2019 жылы барлық жүлдесінен айырылған.