Weekend

Елімізде ең ірі өрт қашан болған?

Қаламқастағы өрт еліміздегі ең ірі өрттің бірі емес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Қаламқастағы сөнбей жатқан өрт көпшілікті алаңдатып жатқаны сөзсіз. Себебі 25 наурыздан бері өртті әлі ешкім сөңдіре алмауда. Қазіргі сәтте жалын 900 квадрат метрді қамтып, адамдарды жақындатпай жатыр. Тіпті оған 53 адам мен 12 өрт сөндіргіш көлік те көмектесе алар емес. 

Алайда өткен шаққа көз жүгіртсек, бұл еліміздегі орын алған ең ірі өрт емес. Сонау КСРО тұсында 1985 жылы бұдан да зор оқиға болған екен.

1985 жылы Тенгиз мұнай кен орнында алапауыт төтенше жағдайдан өрттің биіктігі 200 метрге дейін жетіп, тек 398 күннен кейін ғана өшірген. Сол оқиға салдарынан 3,4 млн мұнай, 1,7 млрд куб газ жанып, жалпы көлемі 1 млрд доллар шығын келтірген.

Ал ең ірі өрт 1963 жылы Өзбекстанның  Урта-Бұлақта орын алған еді. Ол кезде өртті ауыздықтау тек 3 жылдан кейін ғана мүмкін болды.