Bugin

Министр спортшының өліміне қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 35 жастағы ауыр атлет Владимир Седовтың өліміне қатысты пікір білдірді. 

Басқарма басшысы даңқты спортшының сіңірген еңбегіне тоқталып, зілтеміршінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

«Біріншіден, әрине, Владимир Седов мықты спортшы екенін айтқым келеді, соның арқасында еліміздің туы бірнеше рет Олимп шыңына көтерілді. Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық турнирлердегі тамаша нәтиже – бұл біздің ауыр атлетиканың ғана емес, жалпы қазақстандық спорттың тарихында қалары сөзсіз. Спортшының барлық туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», - деді Оралов.

Министр атап өткендей, құзырлы органдар спортшының өліміне қатысты толық ақпаратты кейінірек береді. 

«Қазір құзырлы органдар бұл мәселені тексеріп жатыр. Әрине, бұл үлкен шығын. Біз тағы да көңіл айтамыз. Құзырлы органдардың сараптамасынан кейін толық ақпарат беріледі», - деді министр. 

Еске салайық, бір күн бұрын танымал қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов дүниеден озған болатын.