Bugin

Түркістан облысында бес жасар бала суға батып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысының Алғабас ауылында бес жасар бала каналға батып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 маусым күні кешке отбасы демалысқа барған, ойын кезінде бала суға батып кеткен.

"Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 26 маусым күні сағат 00:35-те оқиға орнынан 2,5 шақырым жерде орналасқан Бірлік ауылдық округіне қарасты Қ.Пернебаев ауылындағы суару арнасынан ауыл тұрғындары баланың денесін шығарды", – деп хабарлады Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаменті көптеген жағдайларда су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың себебі жабдықталмаған және рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, балаларды ата-анасының қарауынсыз қалдыру болып табылатынын еске салды.