Bugin

Алматыда сот бұрынғы әйелін 18 рет пышақтап өлтірген ер адамға үкімді өзгертпек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда апелляциялық сот заңгер Айман Асанованы 18 рет пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуіне қатысты үкімнің күшін жойды. 

Даулы іске қатысты сот үкімі қоғамда наразылық туғызған еді. Ал 27 маусымда авдокат Жохар Өтебеков апелляциялық сотта жеңіске жеткенін мәлімдеді. 

"Алматы қалалық соты Айман Асанованы өлтірген адамға қатысты жеңіл жазаның күшін жойды. Сот менің арызыммен толықтай келісті. Біздің фирма жұмысты жоғары деңгейде атқарды. Нұртаев тергеу изоляторында қалады. Жақында ол бостандыққа шығуы керек еді (жаза мерзімі аяқталды). Аудандық сотта істі қайта қарайды. Судья да басқа, Майшинов емес. Қолдауларыңызға көп рахмет", – деп жазды адвокат. 

Алматылық заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты күйеуінің жазалануы көпшіліктің ызасын тудырып еді. Бұған дейін сотта мүлікке талас барысында дау туып, марқұмның бұрынғы күйеуінің намысына тигені айтылған.